Шерзат ісі. Полиция басшысы Ғайыпбаевтың айғағы туралы сұраққа жауап берді

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Алматы облысы Талғар ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан Шерзат Болаттың туысқан ағасы, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың айғағы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мылтықты Шерзат інім алып келді деп айтты. Ал атқаны жайлы видеода бар, оны айта алмадым, — дейді ол. Адвокат «ол жерде бейнеге түсірілмей қалған жерлер болған шығар, Ғайыпбаев толық айта алды ма сізге?» деп сұрады.
Видеода не бар сол болды, одан басқа арамызда әңгіме болған жоқ. Тек сурет бойынша ғана айтты, деп жауап берді ол. Медет Әділжан Нұрқанат Ғайыпбаевтан жауап алынбағанын айтады.
Іс бойынша бізден бөлек бірнеше топ жұмыс істеп жатты. Әркімнің өзінің тапсырамалар болды. Маған жәбірленушімен сөйлесіп мағлұмат алу керек болды, — деді Әділжан.