Түркияның батысында жер сілкінді

0

Түркияның батыс өңірінде магнитудасы 5,0-ге тең жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі халық саны шамамен 238 мың адамды құрайтын Балыкесир провинциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 58 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 8 шақырым тереңдікте болған. Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.


ПІКІР ЖАЗУ