Алматы тауларында зардап шеккен әйел эвакуацияланды

0

 Алматыда құтқарушылар аяғынан жарақат алған әйелді таудан эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «Проходное» шатқалында 1975 жылы туған әйел таулы жерде төмен түсіп келе жатып, аяғынан жарақат алды. Зардап шеккен азаматша өздігінен қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. «БАУ» жедел-құтқару жасағының мамандары әйелге алғашқы көмек көрсетіп, оны «Космостанция» аумағына дейін жеткізді. Сол жерде зардап шеккен азаматша ТЖМ АМО жедел медициналық көмек бригадасына табыстады. Кейін ол №12 ОҚКА жеткізілді, — делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады.


ПІКІР ЖАЗУ