Депутат: 102-ге қоңырау шаламыз, бірақ полиция кешігіп келеді

0

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевтың Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке азаматтардың полиция бөлімшелеріне қоңырау шалуы кезінде туындайтын қиындықтар туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, адамдар өз шағымдарында қоңырау шалғанымен, полиция көбіне шақыртуға кешігіп келеді.

Мәжіліске азаматтардың «102» шұғыл қызметіне қоңырау шалу мәселесіне қатысты өтініштері жиі түсе бастады. Бұл жағдай, әрине, бізді алаңдатады. Мұндай тәжірибе әсіресе шалғайдағы елді мекендерде жиі кездеседі. Осыған байланысты сұрағым: өмірлік маңызы бар осы байланыс желісінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде қандай қиындықтар бар? Ішкі істер министрлігі азаматтардың шақыруларына полицияның дер кезінде келу уақытын қысқарту, ауылдық жерлерде полиция қызметкерлерінің қолжетімділігін арттыру үшін қандай шаралар қабылдап жатыр?,-деді депутат.

Оқиға тіркелген сәттен бастап және қоңырау түскеннен кейінгі полицияның уақытылы жетуі, әрекет сапасы және қылмысты ашу көрсеткіштері – бәрі де халықтың полицияға деген сенімін қалыптастырады.

Жаңа өзім атап өткендей, бүгінде жедел басқару орталықтары облыс орталықтарында жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда оларды аудан деңгейіне дейін кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Аудан көлемінде, өздеріңіз білесіздер, кей жерлерде инфрақұрылым мен байланыс сапасы жеткіліксіз. Осы орайда бейнебақылау камераларын орнату арқылы оқиғаларға жедел әрекет ету жүйесі іске қосылуда. Қалалық жерлерде бұл жүйе тиімді жұмыс істейді — қоңырау түссе, оқиға орнына 5–10 минутта жету регламенті бар. Жедел басқару орталығында кезекші қызметкерлер келіп түскен шағымды бақылап отырады және жақын нарядқа бағыт береді. Бұл процестің барлығы сапаны арттыру мақсатында тұрақты бақылауда,-министр.

Минстрдің айтуынша, ауылдық аймақтарда мәселе күрделірек. Себебі аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарға жету үшін уақыт көп кетеді.

Қазіргі таңда «eGov», «Kaspi» сияқты платформалар және «102» қосымшасы арқылы шағым қабылдау жүйесі жетілдірілуде. Алдағы уақытта бұл жүйе аудан мен ауыл деңгейіне толық жетсе, жағдай айтарлықтай жақсарады деп сенеміз. Біз барлық құқық бұзушылық түрлерін, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін де тұрақты бақылауда ұстаймыз. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр,-деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ