ШЫМКЕНТ: 30 жылда 100-ге жуық мектеп жаңадан салынды

0
71

Бүгінде елімізде 7 440 жалпы білім беретін мектеп бар. Онда жалпы саны 3,4 млн бала білім алады. 30 жылдың ішінде республикада 1 800-ден астам мектеп бой көтерген. Нәтижесінде 4 ауысымда жұмыс істейтін мектептер жойылып, 3 ауысымда білім беретін мектептер саны әжептәуір қысқарды. Оқушылардың орын тапшылығы төмендеп, апатты мектептер саны азайды. Бір ғана Шымкент қаласында тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде Үкіметтің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы және арнайы түзілген «Жол картасы» аясында 66 881 орынға 98 мектеп салынған. Осы жылдары дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептер, Назарбаев Зияткерлік мектептер желісі құрылып, білім беру ұйымдарының 85 пайызына күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізілген. Бұл өз кезегінде оқушыларды сапалы біліммен қамтуға үлес қосқаны анық.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Шымкент қаласындағы орта білім беретін мектептердің саны екі есеге артқан. Бұл қатарда, «Сайрам» шағынауданында іргетасы 1991 жылы қаланған Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы ел Тәуелсіздігімен бірге биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.


ПІКІР ЖАЗУ