Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

0

Келес ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында онлайн форматта жәрмеңке өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен жүзеге асты.

Іс-шара аясында онлайн қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін кеңейту, оның ішінде «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңкеде білім беру бағдарламалары, спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсететін жергілікті жəне аумақтық органдардың білікті мамандары ақпарат берді.
Тікелей эфир барысында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, тұрғындар мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмек алды.
Осындай жәрмеңке Мақтаарал ауданында да өтті. Іс-шара барысында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, ол қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі онлайн форматта әрі тікелей эфирде адами әлеуетті дамыту, дене шынықтыру және спорт, экономика және қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар салалары бойынша өткізілді.
Жәрмеңкеде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұрғындардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ете отырып, әкімшілік кедергілерді азайту жолдары сараланды. Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және қызметтерді сапалы көрсету, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойынша салалық кеңес берілді.
Мамандар тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, бюрократиялық кедергісіз сапалы әрі жедел қызмет алу жолдарын түсіндірді.


ПІКІР ЖАЗУ