Түркістан облысы Отырар аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қырық сегіз сотталған аудандық кітапханаға тіркеліп, қызықты кітаптарды оқуға кірісті.Үстіміздегі жылдың өткен айында Отырар аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен аудандық орталық кітапхана мамандары Гүлдана Абзейтова бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды кітапханаға тіркеген болатын. Аудандық пробация қызметінің инспекторы енді әр ай сайын 5-6 сотталғанды кітапханаға алып келіп, өздеріне ұнаған кітаптарын оқуына мүмкіндік береді.
Аудандық кітапханадан әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларды, поэмаларды, тарихи және психологиялық кітаптарды оқуға болады. сотталғандар арасында кітап оқуға ниет білдіретіндердің саны күн санап артып келеді.Кітапхана маманы пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды кітапқа деген қызығушылығын көріп қуанғанын жасырмады.
– Пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтардың бойындағы әрқилы қабілеттеріне орай бағыт-бағдар беру, ақпаратпен алмасу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық кітапханаға кітап оқуға алып келіп тұрамыз. Кітаптар біздің заманымызда сирек кездеседі. Бүгінгі жастар электронды кітаптар мен ақпараттық порталдарды оқиды. Өкінішке орай, кітаптар екінші орынға түсіп қалды. Бірақ, олар оқырманның сөздік қоры мен ішкі әлемін толықтыруға көмектесетінін түсіну керек. Біздің университеттің берген кітаптары жазасын өтеушілер арасында жоғары сұранысқа ие болады деп сенеміз. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал, сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, ұтқырлығын оздыратын да, сөзге шешендігін шынықтыратын да – кітап екені ақиқат. Кітап оқудың артында көптеген адамдар ішкі әлемінде ие болады және сөздік қорын толықтырады. Себебі, қателік жасап жазаға тартылған адамдар әсіресе рухани байытуға мұқтаж, — деді Отырар аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Кәрім Тұрсынбай .
Толстой өз кезегінде «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» дегендей, шынында да бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғандар үшін, кітап оқу уақыт өткізу көзі ғана емес, өз-өздерін қайта тәрбиелеудегі таптырмас құрал болып табылады.