Алматыға Чемпиондар Лигасы қанша табыс әкеледі?

0

Алматылық “Қайрат” футбол клубы алғаш рет тарихында УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Мамандар бұл жетістіктің қалаға туристік әсерін есептеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Клубтың еуропалық турниріндегі өз алаңында өткізетін төрт ойынына алдын ала есеп бойынша төрт мыңнан астам шетелдік қонақ келеді. Орташа есеппен әрқайсысы шамамен 1400 доллар (754 мың теңге) қаражатты қонақ үй, көлік, тамақ пен демалысқа жұмсайды. Нәтижесінде экономикалық үлес шамамен 3 млрд теңгеге бағаланады.

УЕФА ережесіне сәйкес, қонақ жанкүйерлерге стадиондағы орындардың 5%-ы беріледі. Алматыда әр ойынға орта есеппен мыңға жуық шетелдік жанкүйер күтіледі. Бұдан бөлек, “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы матчтарын 200-ден астам елде жүздеген миллион көрермен тамашалайды.

Бүгін, 28 тамыз күні, “Қайрат” топтық кезеңдегі қарсыластарын анықтайды. Жеребе сағат 21:00-де (Астана уақытымен) басталады.

Айта кетейік, биыл Чемпиондар лигасы жаңа жүйе бойынша өтеді, дәстүрлі топтар орнына 36 команданың бірыңғай кестесі жасалды. 

“Қайрат” төртінші себетке түсті және топ-2 клубтарымен ойнауы кепілденген. 

“Реал Мадрид”, “Барселона” немесе “Челси” қарсы шығу ықтималдығы 40%-дан асады, ал “Арсеналға” қарсы ойнау ықтималдығы шамамен 22%.


ПІКІР ЖАЗУ