Елде 3000-нан астам мұғалім біліктілігін арттырады

Елде 3000-нан астам мұғалім онлайн оқыту курстары арқылы біліктілігін арттырады, деп хабарлайды 24kz. Осылайша, Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді жұмыстарды жалғастыра бермек.
Бұл шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Айта кетейік, курсқа бастауыш сыныптан бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән ұстаздары қатысады. Дәрістер «Өрлеу» цифрлық платформасында өтеді. Былтыр ұлттық жоба шеңберінде 35 мектептен 2000-нан астам педагог біліктілігін арттырған.