Жылдамдықты бақылау жүйесі заңбұзушылықты азайта ала ма?

0

Республикалық автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылғаннан бері 109 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын есепке алу жүйесі енгізілді. Арнайы бақылау камералары жолдардың түзу учаскелерінде орнатылып, көліктің белгілі бір қашықтықты жүріп өтуге жұмсаған уақыты арқылы орташа жылдамдық анықталады.

Наурыз-тамыз айлары аралығындағы талдау нәтижесінде орташа жылдамдықты арттырудың 109 мыңнан астам дерегі тіркелген.

Ең аз бұзушылық байқалған бағыттарда арнайы факторлар әсер еткен.

Жылдамдықты бақылау жүйесі заңбұзушылықты азайта алады. Ең аз көрсеткіштер тіркелген учаскелерде көлік трафигі аз. Алдағы уақытта басқа учаскелерде қосымша бейне камераларды орнату жоспарлануда. Жүйе тұрақты жұмыс істеп тұр. Барлық бұзушылықтар құқық қорғау органдарына жолданады,-деді ҚазАвтоЖол ҰК АҚ-ның ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.

Ең көп құқықбұзушылық орын алған учаскелер:

  • Шымкент – Қызылорда 54 863 жағдай,
  • Астана – Щучинск 29 330 жағдай,
  • Астана – Павлодар 18 188 жағдай.

Ең аз құқықбұзушылық анықталған бағыттар:

  • Павлодар – Семей – Қалбатау: 3 882,
  • Шымкент – Тараз: 1 980,
  • Павлодар – РФ шекарасы (Омбы): 526,
  • Орал – РФ шекарасы (Саратов): 365,
  • Жібек Жолы – Теміртау: 164.

Орташа жылдамдықты бақылау жүргізілетін учаскелер:

  • Астана – Щучинск (жылдамдық шектеуі – 140 км/сағ),
  • Астана – Павлодар (140 км/сағ),
  • Шымкент – Қызылорда (110 км/сағ),
  • Шымкент – Тараз (110 км/сағ),
  • Павлодар – Семей – Қалбатау (100–110 км/сағ),
  • Орал – РФ шекарасы (Саратов) (100 км/сағ),
  • Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (100 км/сағ),
  • Жібек Жолы – Теміртау (140 км/сағ).

ПІКІР ЖАЗУ