The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

271 қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға жіберіледі

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиын барысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды. Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Яғни стипендия иегерлерінің 65 пайызы – жаратылыстану-техникалық, ал 35 пайызы әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білімін жетілдіреді.

Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

Ерлан Қарин биыл былтырға қарағанда тағылымдамадан өтуге екі есе, инженерлік-техникалық мамандықтар бағытына алты есе көп өтініш түскенін атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға және қолдауға бағытталған бастамасының өзекті әрі заман талабына сай екенін көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Таразда “WhatsApp” желісі арқылы алаяқтық жасағандар анықталды

admin

20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жүктілік 50% жоғары

admin

Ұлттық банк 1 млрд АҚШ долларын сатуды жоспарлап отыр

admin