The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Алматыда мопед иелері жазаланып жатыр

 Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған мопед жүргізушілеріне қатысты рейд күшейтілді. Жаңа талаптарға сай келмеген мыңдаған мопед айып тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді пайдалану ережелері өзгерген болатын. Жаңа нормаларға сәйкес, мопед жүргізушісінде міндетті түрде төмендегілер болуы тиіс:

  • «А» санатындағы жүргізуші куәлігі;
    • көлік құралын мемлекеттік тіркеуден өткізу;
    • сақтандыру полисі;
    • мемлекеттік тіркеу нөмірі.

Алматы қалалық полиция департаментінің дерегінше, осы талаптар күшіне енгелі бері 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған, яғни жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз немесе сақтандырусыз жүрген 1 500-ге жуық мопед арнайы айып тұрағына қойылған.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі аясында мопед жүргізушілеріне ерекше назар аударылып отыр, – дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Ол мепед жүргізушілері қарапайым қауіпсіздік талаптарын жиі елемейтінін атап өтті.

Жол қозғалысына қатысатын бұл санат қарапайым қауіпсіздік талаптарын жиі елемейді. Сондықтан біз олардың заң талаптарын сақтауын қадағалауды жалғастырамыз, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста «қарызсыз қоғам» жобасы бойынша алғашқы сертификаттар табысталды

admin

Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда қандай мәселелер көтеріледі?

admin

Атырауда жауған «лас жаңбыр» тұрғындарды әбігерге салды

admin