The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жақын шет елдердің бірінің 22 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Оған ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының идентификациялық кодтарын заңсыз өзгертіп, азаматтарды алдау мақсатында пайдаланған деген айып тағылуда.

Тінту барысында дыбыс күшейткіш ретінде жасырылған арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Бұл құрал Қазақстан Республикасы азаматтарына банктер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері атынан қоңырау шалып, алдау және алаяқтық әрекеттер жасау үшін пайдаланылған.

Күдіктінің жалдамалы пәтерінен 2100-ден астам sim-карта, екі ноутбук, екі мобильді телефон, планшет табылды. Тәркіленген құрал-жабдыққа қатысты 48 абоненттік нөмірден азаматтарға қоңыраулар жасалғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа алаяқтық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті прокуратураның келісімімен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Келесте ұлттық салт-дәстүрлер көрінісін саханалады

admin

Жамбыл облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталады

admin

Жамбыл: облыс әкімі салтанатты жиынға қатысты

admin