The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Кәсіптің кілтін тапқан шымкенттік Шербек

Шербек Қаюпов — Шымкент қаласының тұрғыны. Бұл күнде Асар шағын ауданында тұратын ел ағасы жылдар бойы маңдай терімен еңбек етудің арқасында кәсібін өрге домалатып, отбасын береке мен молшылыққа кенелткен жан.

2010 жылдары Өзбекстаннан елге көшіп келгелі осында мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болып, қазір ауласының алдындағы жылыжаймен нәпақасын тауып отыр.

 Мұнан бөлек былтырдан бері биогумус өндіруге ынта танытып, содан бері минералды тыңайтқыштан да пайда көзін тапты. Жылыжайдағы қияр мен қызанақтан басқа, бау-бақшасына алманың ең жемісті сорттарын егіп, оны да нарыққа шығаруда.

Берекелі отағасының тағы бір қыры — Шербек қандасымыз қолы қалт еткенде көлік жөндеудің хас шебері.

Сонымен үш сотық жердегі жылыжайдан жыл сайын 4-5 тоннадан аса өнім алатын кәсіпкер бұл күніне дән риза. Қияр пен алманы, минералды тыңайтқыштарды да өзі жергілікті базарларға апарып сатады. «Алған өнімім жылыжай шығындарын да, ипотекалық баспананың да қарызын өтейді, ұл-қыздарымды осы табысыма оқытып, бәрін де аяқтандырып, үйлі еттім» дейді Шербек аға.

Еселі еңбекпен бірге нәтижелі жемістің дәмін татқан, педагог жұбайы екеуі үш перзентті тәрбиелеп өсірген бұл азамат көпке үлгі болары сөзсіз.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлт әдебиетінің абызы» еске алу кеші өтті

admin

Шымкентте өңірлік өнім көлемінің өсімі 4 пайызға жетеді

admin

Түркістан облысында қуаты 1000 мвт-қа жететін бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр

admin