The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Қордайда ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін заңсыз бюджет қаражатын алып отырған.

2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен тіркелді.

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 30 медициналық нысанның құрылысы қарқынды жүргізілуде

admin

Түркістан облысына жыл басынан бері 700 мыңнан астам қонақ келген

admin

Отырарда ДЗЮДОдан жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионат өтті

admin