The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шағын су электр станциясы салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және  инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.

Осы мақсатта,  бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мақсатында «РТ Оңтүстік Энерго» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп,  аудан аумағынан шағын су  электр станциясын салу мәселесін талқылады.

Инвестормен тілдескен  аудан басшысы салаға жауапты  орынбасары Нұрболат Талипов, аудан әкімі аппарытының заң бөлімшесінің басшысы Алтынбек Сәрсенбековтарға тиісті тапсырмалар жүктеп, жобаның жүзеге асуын қадағалауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Рекорд: Қазақстанда криптовалюта транзакциясының көлемі жарты жылда 3,6 млрд долларға жетті

admin

Түркістандағы «Фуд-Мастер»: Нормадан бірнеше есе жоғары ластаушы зат анықталды

admin

Бектенов Қонаев пен Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты

admin