The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Жамбыл облысының полицейлері 4,6 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні ұстады

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы нұсқамаларды өңдеу кезінде «Toyota Vellfire» маркалы автокөлігін анықтады.

Аталған көліктің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын азамат болып шықты. Соңғы екі ай ішінде ол Жамбыл облысында жылдамдық режимін 89 рет бұзып, жалпы сомасы 4,6 миллион теңге айыппұлға ие болған.

Тараз қаласының ПБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында бұл көлік анықталып, облыс орталығының көшелерінде тоқтатылды.

Қазіргі уақытта автокөлік барлық айыппұлдары толық төленгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде жауапкершілік қарастырылатынын еске салады

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқыны: Ақтөбеде Құйлыс ауылының тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

admin

Қазақстандық жұмысшылардың қай салада көбірек жұмыс істейтіні анықталды

admin

Гренландия мен Венесуэла: Саясаттанушы Трамптың нені көздеп отырғанын айтты

admin