The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілім

Жамбыл: желілік кампусты іске қосты

«Қос дипломды» білім беру бағдарламасы аясында Ресейде бір жыл білім алуға мүмкіндік алған жамбылдық жастар Мәскеу қаласына барды. Жаңа оқу жылынан бастап Дулати университеті, Менделеев университеті және «Қазфосфат» ЖШС бірлесіп, желілік кампусты іске қосты.

Желілік білім беру бағдарламасымен оқу үшін Менделеев университетіне барған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенттерін ресейлік оқу орнының басшылығы жатақханаға тегін орналастырды. Студенттер жыл бойы «Бейорганикалық заттар технологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндерінің циклін зерттейді.

Мәскеуге барған студенттер білім беру бағдарламасының арнайы пәндерін игеруі тиіс және РХТУ-дің химия зертханаларында тәжірибелік зерттеулер жүргізеді. Түпкі мақсат – Қазақстанның химия өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

Ұқсас жаңалықтар

Қара металды шетелге заңсыз шығарғандар анықталды

admin

Экологический контроль в действии: в Алматы усилили проверки автотранспорта

admin

Қазақстандықтар 27 трлн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

admin