The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБизнес

Түркістанда шұлық шығаратын кәсіпорын іске қосылды

Түркістандағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында шұлық және шұлық бұйымдарын шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Қазақстан мен Қытай инвесторларының бірлескен жобасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысып, кәсіпорынды аралап көрді.

Бұл жобаның құны – 1 млрд теңге. Кәсіпорын күніне 32 мың жұп шұлық шығаруға қауқарлы. 30 жұмыс орны ашылған. Облыс әкімдігінің қолдауымен инвесторларға арнайы жер ұсынылған.  Өндірістік браунфилд ғимаратымен қамтылған.  

Инвесторлар шұлық фабрикасы толық қуатына жеткен соң Түркістанда костюм шығаратын жобасын да жүзеге асырмақ. Бұл жобаға 2,8 млрд теңге инвестиция салынады. Күніне 500 костюм тігіледі деп күтіліп отыр. Бүгін аталған жоба да таныстырылып, өнімдер жұртшылық назарына ұсынылды.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2023 жылы Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, инвесторлармен келіссөздер жүргізген болатын. Сол келіссөздер нәтижесінде өңірде бірқатар жоба жүзеге асады деп жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: білім саласындағы өзекті мәселелер қаралды

admin

Көпбалалы отбасыларға Қазақстандағы салық жүктемесі азаяды

admin

ТҮРКІСТАН: Жетісайда төтенше жағдайларға қарсы оқу-жаттығу өтті

admin