The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

Түркістандық:«Түлкібас — құтты мекен» атты облыстық ақындар айтысы өтті

Түркістан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында айтыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы жүлде қоры — 1 000 000 теңге. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетінің 90 жылдығына орай «Түлкібас — құтты мекен» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға елімізге танымал Біржан Байтуов, Тұрар Тілеулиев, Қажымұқан Абзалов, Дәурен Ақсақалов, Серік Жұмаділ, Абылай Құлтай, Нұрғали Әнапия, Сапархан Аллажар сынды айтыскер ақындар қатысты. Сөз сайысының негізгі мақсаты – айтыс өнері арқылы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, Түркі әлемінің рухани астанасы атанған – Түркістанның жетістіктерін насихаттау. Жалпы жүлде қоры — 1 000 000 теңге. Айтыс қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлде 300 000 теңге сыйақы Түлкібас ауданының өрені, айтыскер жас ақын – Серік Жұмаділге бұйырды. І орын — Тұрар Тілеулиев (Түркістан қаласы), ІІ орын — Қажымұқан Абзалов (Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы), ІІ орын — Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), ІІІ орын — Нұрғали Әнапия (Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы), ІІІ орын — Абылай Құлтай (Түркістан облысы, Төле би ауданы), ІІІ орын — Сапархан Аллажар (Шымкент қаласы), ынталандыру сыйлығын — Дәурен Ақсақалов (Түркістан облысы, Отырар ауданы) өз қанжығасына байлады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қаласының цифрландыру көрсеткіштері алға шыққан

admin

ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

admin

Ертеңнен бастап сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

admin