The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Арыс: әкім орынбасары Ақдала ауылында азаматтарды қабылдады

Арыс қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы, қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық Ақдала ауылдық округінің әкімдігінде азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау шарасын өткізді. Қалалық «Ардагерлер ұйымының» төрағасы Тәңірберген Әсіл мен мәслихат депутаты Нұрмахан Мәуленов, AMANAT партиясының Арыс қалалық филилалының атқарушы хатшысы Бақтығали Ділдәбеков және дербес бөлім басшылары қатысқан қабылдау шарасына 6 азамат өз мәселесінің шешілуіне жауап іздей келді.

Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жер мен ағын су мәселесін, әлеуметтік қолдау-көмек көрсету мен баспана жайы жөнінде әңгімелесті.

Ал жауапты сала мамандары тарапынан тиісті деңгейде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың мәселелерінің заң шеңбері аясында нақты шешу жолдары айтылды.

Айта кетейік, қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы әрі қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық түске дейін С.Ерубаев атындағы мектеп ауласында ауыл тұрғындарымен кездесті. Оған ауыл тұрғындары қатысып, елді мекендегі өзекті мәселелерді көтеріп, оны шешу жолында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар халықты етті.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте ауаның ластануына байланысты кезекші топ құрылды

admin

Бірнеше сағатта 50-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

admin

Түркістан: МӘМС арқылы күрделі ота жасалды

admin