The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Кентау: “мектепке жол” акциясы аясында мектептерге компьютер берілді

Кентау қаласында «Мектепке жол» акциясы аясында бірқатар білім ордаларына қажетті құралдар берілуде. Қала әкімі Рашид Аюпов мектеп басшыларын қабылдап, аталмыш акция аясында компьютер табыс етті.

Әр жыл сайын өткізілетін акцияға  қаламыздың медценаты «KAZ ENERGY OIL» компаниясының өкілдері өз үлестерін қосуда. Бүгінде компания өкілдері Кентау қаласының мектептеріне 10 компьютерге қолдау көрсетті. Жалпы демеушілер 200 компьютер алып беруді жоспарлаған. Келесі апта ішінде 100-ін табыстаймыз деп отыр.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Мұндай қайырымдылық шарасы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Жаны жомарт кәсіпкерлер алдағы уақытта 1000-ға жуық мұқтаж балаларға қажет мектеп формасымен және спорт киімдерін,  мектепке қажеттi оқу құралдарын алып бермек.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: көкпар нағыз білектілер мен жүректілердің ойыны

admin

Алматыда 60 жыл болған құбырды алмастыру үшін көлік қозғалысы шектеледі

admin

«Наурыз» ипотекасы: 1 мамырдан бастап кім баспаналы бола алады

admin