The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативіне барды.

2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келген шаруашылық иесі 1 гектарға анар, 3 га жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. Қожалықтың іс жүргізушісі  Елнұр Сейдазимовтың айтуынша бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма өсіріп отыр.

Шаруа қожалығы 2019 жылы —5, 2020 жылы — 15, 2021 жылы — 20 тонна өнімін алған.  Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Өз кезегінде аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы шаруа қожалығының кәсібіне береке тілеп, алдағы уақытта өнімдері астыққа толсын деп тілектестік білдірді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді

admin

МӘМС-ке төлеген ақшаны шешіп алуға бола ма?

admin

Кентау: Ащысай ауылы тұрақты ауыз сумен қамтылады

admin