The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов аудан ардагерлерімен кездесіп, серпінді ауданды басқару жұмысында қариялардың батасын алды.

Ардагерлермен жүздесуде аудан басшысы ауданның даму перспективаларын атап, алдағы міндеттерді саралады.

“Ордабасы ауданы – қасиетті өлке. Бұл ауданның өсіп-өркендеуі қарқынды екенін білемін. Сондықтан өркенді ауданды басқаруды зор жауапкершілікпен қабылдап, іргелі ауданды дамыту бағытында жұмыстарды өздеріңізбен бірлесе отырып атқаратын боламыз. Бұл істе ардагерлер әркез қолдау білдіреді деген сенімдемін”, – деді аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы.

Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразәлі Есқараев, «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Тайтелиева, «Әжелер» алқасының төрайыма Айымгүл Көкішова, «Әкелер» мектебінің төрағасы Лесбек Жүсіп пен ауданның бір қатар еңбек ардагерлері аудан басшысының жұмысына сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық жеңілдіктері қалай жұмыс істейді?

admin

Ауыл тұрғындары өз қаржысына көпір салып, жол төседі

admin

Түркістанда мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа кезеңі: Smart Point цифрлық ХҚКО халыққа есігін айқара ашты

admin