The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Созақ: Аппараттық жиын өтті

 Бүгін аудан әкімдігі аппаратының жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл, кент округ әкімдері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. Жиынды жүргізген аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, ауыл, кент округтер мен бөлімдердің атқарып жатқан жұмыстарын тыңдады.

 Күн тәртібіндегі мәселеге орай аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дулат Байзақов, «2022-2023 жылдар бойынша қысқы жылыту маусымына дайындық барысы» туралы хабарлама жасады. Бірқатар мекемелердің қысқы маусымға дайын болмай отырғанын баяндады. Аудан басшысы тиісті мекемелерге тез арада олқылықтың орнын толтыруды тапсырды.

 Сондай-ақ жер қатынастар бөлімінің басшысы  Бауыржан Әбенұлы «пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы және тұрғын үй салу мақсатында берілген бос жерлерді аудан дер қорына қайтару жұмыстары туралы» хабарлап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

 Аппараттық жиында, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, бөлім мен ауыл, кент округ әкімдеріне құрылыс, ауыл шаруашылығы саласы бойынша тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар

Н.БАЙҒҰТ: Бірінші кезекте ауыз су мәселесін шешуге басымдық береміз

admin

Шымкентте ЭКҰ жасатуға 429 квота бөлінген

admin

Төлеби төрінде 300 ге жуық жастар басқосты

admin