The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Мақтаарал: Мырзакент спорт клубының спортшылары азия чемпионатында топ жарды

2022 жылдың 18-21 тамыз күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Греплингтен Азия Чемпионаты болып өтті. Аталған жарысқа Мырзакент спорт клубының спортшылары Төлеп Орынбасар, Зұлпан Елдос және клубтың жаттықтырушысы Қарабаев Нұржан қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс нәтижесі бойынша  14-15 жас ерекшелігі бойынша Төлеп Орынбасар Чемпионаттың Күміс жүлдегері атанса, 16-17 жас ерекшелігі бойынша Зұлпан Елдос Азия Чемпионы болды. Сондай-ақ, ересектер арасында Қарабаев Нұржан жарыстың қола жүлдесін иеленді.

Осылайша Мырзакент спорт клубының Азия Чемпионатына жолдама жеңіп алған үш спортшысы да жеңіс тұғырынан көрініп, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

“Тұрмыстық тұтынушылар үшін емес”: Алматы электр энергиясының қымбаттауына қатысты түсініктеме берілді

admin

Алюминийдің әлемдік бағасы күрт қымбаттады

admin

Отырар аудан әкімі қоғамдықтармен кездесті

admin