The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Бәйдібек: аудан әкімі шақпақтық тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапармен Шақпақ ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде шақпақтық тұрғындар елді мекенді табиғи газға қосу, ауыз су, спорт кешенін салу, ұялы байланыс мәселелерін көтерді.

Ержігіт Шәріпбекұлы тұрғындардың елді мекенге қатысты көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтып, қойылған сұрақтар бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жасалынып жатқандығын жеткізді.   Шақпақ ауылын газдандыру және ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге, спорт кешенінің құрылысына әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаларын қаржыландыруға ұсынылғанын айтып өтті. Сонымен қатар  келесі жылы балалар ойын алаңшасын салуды да жоспарлап отырғанын айтты. Ұялы байланыс бойынша тиісті мамандарға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Алматы әкімі Түрксіб ауданында жиын өткізді

admin

Сарыағаш жастары «EVENING SPORT» жобасы аясында өткен футболдан қос жүлденің жеңімпазы атанды

admin

Отанға қызмет: Шымкентте Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскерге шақырылушылары ант қабылдады

admin