The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Отырар: мерзімді әскерге шақыру жұмысы пысықталды

Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында жиын өтіп,  азаматтарды мерзімді әскерге шақыру бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталды.

Жиынға аудандық мерзімді әскерге шақыру комиссиясының төрағасы аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов, қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары С.Бекмұратов, ауылдық округтер әкімдіктерінде әскери есеппен айналысатын мамандар қатысты.

Күзгі әскерге шақыру қазан айының 1-нен басталады. Қазір барлық жерде осы күзгі әскерге шақырылатын азаматтарды жинап, денсаулық жағдайын тексеріп, дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жиында комиссия төрағасы А.Құлмаханов сала мамандарына азаматтарды мерзімді әскерге шақыру науқанында жүргізілетін жұмыстарға бағыт-бағдар беріп, кұзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстарының даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сараланды.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамада мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін әскерге шақырылушылардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі көзделген. Атап айтқанда, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 647-бабында шақырылушының шақыру бойынша белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз келмегені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 13 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделгендігін атап өтті.

Өз Отанына қызмет жасауға жауапкершілікпен қарап белсенділік танытуға шақырамыз. Отанды қорғау әрбір азаматтың асыл парызы екенін естен шығармайық.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының климатына байланысты көшеттердің жерсінуі 50 % -дан аспайды

admin

Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінді

admin

Абай күніне арналған танымдық кеш өтті

admin