The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Түркістан: Келес ауданында қос бірдей мәдениет үйі бой көтереді

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Қошқарата және Жамбыл елді мекендерінде жалпы құны 350 млн. теңгені құрайтын мәдениет үйінің құрылысы басталды. Жоспарға сәйкес, нысанның пайдалануға берілу мерзімі келер жылға өтпелі. Сондай-ақ Қошқарата ауылдық округінің Шынар елді мекеніне ФАП құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Тиісті жұмыстар атқарылған соң облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюжеттен қаржы қаралуға ұсынылатын болады.  Бұдан бөлек, Бәйтерек, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Жаңақоныс, Қарабура, Бесауыл, Мақташы, Аманжар, Алғабас елді мекендеріне табиғи газ беру бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінгі таңда газ беруші мекеме есебінен  құжаттарды рәсімдеу  жұмыстары атқарылуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «ӨМІР БҰЛАҒЫ» оңалту орталығы ашылды

admin

Көлікте отырып, жолға түкіретін жүргізушілерге жаза бар ма?

admin

Созақ ауданында қоқыс полигондарына мониторинг жасалды

admin