Шымкентте трансформатор және генератор шығару зауыты салынуда

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлік саланы дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шараларымен бірге мемлекет бизнеске көмек көрсету бағдарламаларын жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта қаланың индустриалдық аймақтарында жүйелі жұмыстар жасалуда. Сондай-ақ, инвестиция және кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелері қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жіті назарында.

Қазір үшінші мегаполистегі ең ірі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «ЭСМА Электрик» кәсіпорны трансформаторлар мен генераторларды өндіру жобасын іске асыруда. Жобаның инвестициялық көлемі 1 019 млн. теңгені құрап, 150-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты жылына 2,5 мың дана дайын өнімді шығарады. Зауыт 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар аталған аймақта «ALTYN BOX» кәсіпорны картон қағаздан жасалған бұйымдар өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестициялық көлемі 100 миллион теңгені құрайды және 20-ға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты бойынша жылына 1,5 млн. метр өнімді шығарады. Зауыттың іске қосылу мерзімі 2024 жылы жоспарланған. Дайын өнімді ішкі нарықта да, экспортқа да сату жоспарлануда.

Қазіргі уақытта ЖСҚ әзірленуде және жер жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылып, 2 507 жұмыс орны ашылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі ұлттық жобасына сәйкес бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 млрд.теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі!


ПІКІР ЖАЗУ