The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Қазақстандықтар универсиадада тағы 4 медаль жеңіп алды

Сондай-ақ 2023 жылғы Универсиадада дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медальды жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиадада үшінші медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Никита Чирюкин оқ атудан күміс жүлдегер атанды. Жарыс шарты бойынша спортшылар 25 метр қашықтықтан атыс қаруынан оқ ату керек. Қазақстандық мерген 27 ұпай жинап, екінші орын алды. Бұл жарыста алтын медальды чех спортшысы Матвей Рампула, ал қола медальді поляк Оскар Миливек алды (23 ұпай).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан оқ атудан тағы бір күміс медаль алған болатын. Командалық жарыста 50 метр қашықтықтан үш позициядан мылтық атудан екінші орынды Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин иеленді. Сондай-ақ 2023 жылғы Универсиадада дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола медальды жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында 1000 түйеден құралған керуен әлемдік рекорд орнатты

admin

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті Съезі 2028 жылы өтеді

admin

Депутаттар каникулға шықты

admin