The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілім

Шымкентте мектеп жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласының білім басқармасы мен кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен *«Мектепке жол» акциясы* өтеді.

Акция аясында *12 және 19 тамыз* күндері ауқымды *мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады*. Жәрмеңкеде мектепке керек-жарақтар — мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім және сөмкелер, дәптерлер мен қаламсап, тағы да басқа қажетті заттар қолжетімді бағада ұсынылады. «Мектепке жол» акциясы аясындағы жәрмеңкеге 13 отандық өнім шығаратын кәсіпорын қатысады.

Жәрмеңкенің өтетін орны мен уақыты: Қ.Мұңайтпасов атындағы спорт кешені, сағат 09:00-15:00 аралығында.

Ұқсас жаңалықтар

Былтыр 234 мыңнан астам қазақстандық автокөлік сатып алған

admin

Шымкент: Қайтпас елдімекеннің көшелері биыл 100 пайыз асфальтталады

admin

Жерлесіміз — Азия чемпионы

admin