The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт іске қосылады

Қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына байланысты нарықта сантехникалық бұйымдарға деген сұраныс өте жоғары. Осы мақсатта миллион тұрғыны бар мегаполисте алдағы уақытта сахтехникалық құралдар мен бұйымдар өндіретін зауыт қосу жобасы жүзеге асырылмақ.

Зауыт «Жұлдыз» индустриалдық аймағындағы 4 гектар жерде орналасқан.

Аталған аймақтағы нысан тиісті инфрақұрылыммен қамтылатын болады. Сондай-ақ, зауыт жылына 40 мың дана жуыну ваннасын және 40 мың қол жуғыш құралдарын шығаруға қауқарлы. Зауыт іске қосылған жағдайда 30 адам жұмысқа тартылмақ.

Жоба құны 1 миллиард теңгені құрайды, сонымен қатар 2024 жылы іске қосылады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Алғашқы екі күнде шымкенттік спортшылар ел қоржынына 2 алтын жүлде салды

admin

Шахтадағы өрт: Қылмыстық іс қозғалды

admin

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» акциясы аясындағы жұмыстарды ширату жолдары талқыланды

admin