The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілім

Еліміздің өңірлеріне 415 жаңа мектеп автобусы жеткізілді

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Қызылорда және Павлодар облыстарының мектеп автопаркі толықтырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Биыл алғаш рет өңірлердегі мектеп оқушыларын тасымалдау үшін білім ошақтарын автобустармен біржолғы қамтамасыз ету міндеті жан-жақты қаралды. Ескірген автопаркті ауыстыру және автокөліктің жеткіліксіз санын алып тастау туралы мәселе шешілді. Қазір облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп қалған автобустарды өңірге жеткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Айта кетейік, жаңа автобустар қауіпсіздік белдіктері бар балалар орындықтарымен, балаларды салонда қалдырудың алдын алу жүйесімен, салонның артқы жағында апаттық шығу жолымен, балалардың бар екендігі туралы сигнал беретін арнайы шамдардың болуымен және балаларды тасымалдау процесінде шамдардың тұтануымен жабдықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Арабша жазуы бар тумен фотоға түскен тағы бір қыз жазаға тартылды

admin

Шымкент: ерекше балалар жаңа жылдық қуанышқа кенелді

admin

Шаңды дауыл, жаңбыр: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

admin