The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шарын шатқалында жартастан құлаған ресейлік әйел құтқарылды

Алматы облысы Шарын шатқалында жартастан құлаған ресейлік әйел құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 20 тамызда түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен 1990 жылы туған Ресей азаматын жартастан эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Әйел адам Ұйғыр ауданында Шарын каньонындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған, — деді Төтенше жағлайлар министрлігі баспасөз қызметінен.

Ол 2023 жылдың 19 тамызында сағат 18.00 шамасында Алматы қаласындағы достарымен келгені анықталды.

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 20.08-де әйел адам құтқарылды.

ТЖД азаматтарды туристік серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада Наурыз қалай өтіп жатыр?

admin

Қазақстанның қалаларында наурыз көже қанша тұрады: бағаға шолу

admin

Шымкент : Абай ауданында ифрақұрылым мәселесі шешілуде

admin