The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Алматы Ұлттық домбыра күні аталып өтті

📍 Абай алаңында өткен мерекелік концертке мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы жиналды. Сахна төрінде Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев, Ulytau және «Қоңыр» топтары, сондай-ақ дәстүрлі фольклорлық ансамбльдердің өнерпаздары мен домбырашылар өнер көрсетті.
🎼 Кештің ең әсерлі сәті аңызға айналған «Әлқисса» күйінің орындалуы мен шебер домбырашылар мен олардың шәкірттері арасындағы күй тартыс болды. Бұл ұлттық өнердегі ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі.
💬 «Домбыра – қазақтың жаны, жүрегінің лүпілі. Оның қос ішегінде ғасырлар сыры, бабалар рухы, ұлттың болмысы жатыр», — деп Алматы әкімі Дархан Сатыбалды домбыраның маңызын айтып, халықты құттықтады.
🇰🇿 Кеш соңында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева «Домбыра туралы баллада» және «Атамекен» атты әсерлі әндерді орындап, концертті түйіндеді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Парламентінің сенат депутаттары Арыс қаласына іссапармен келді

admin

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4 млрд доллардан асты

admin

ШЫМКЕНТ: «Shanyraq» орталығында кондитерлік мастер класс өткізілді

admin