The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жамбыл: Қаратау қаласында ауданның 95 жылдығына орай мәдениет күні аталып өтті

Шара шымылдығы, қала шетіндегі арнайы алаңда ашылды. Таластықтар қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату және теңге ілу сынды ат үстіндегі дәстүрлі ойындардан бақ сынасты. Ең бастысы «Қаратау» мен «Ойық» командаларының тартысты көкпар ойыны барша қонақтың назарын өзіне аударды.

Кейін дүйім жұрт қала орталығындағы саябаққа жиналды. Мұнда ауданға қарасты ауыл әкімдері мен зиялы қауым өкілдері алдында балалар арасында қазақша күрес, бес тас, ләңгі тебуден жарыстар өтті. Сонымен қатар, Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлер көрмесі көрсетіліп, ұлттық салт-дәртүрлер дәріптелді, дастархан жайылып, келген қонақтарға сүт пен нан тағамдары үлестірілді.

Келесі кезекте концерттік шара ұйымдастырылып, ауданға танымал өнерпаздар сахна төрінде өнер көрсетті. Әсіресе Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінің бүлдіршін бишілері көптің көңілінен шықты. Сондай-ақ сахна төрінде «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев 6 түрлі әнін тыңдарман қауымға ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

«Қар барысын сақтайық!» экологиялық акциясы өтті

admin

Сайрамдық боксшы республикалық чемпионатта жүлделі орынды олжалады

admin

ШЫМКЕНТТЕ “КІТАП ОҚУДАН ТЫЙЫЛМА” БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

admin