The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықБілім

Енді Қытай мен Мажарстанда тегін оқуға болады

Қазақстандықтар Қытай мен Мажарстанда тегін оқи алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі және Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар жетекші университеттерде жоғары білім ала алады.

Мажарстан 2024-2025 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша 250 грант ұсынады: бакалавриатқа 110 орын, магистратураға 90 орын, бакалавриат+магистратураға 30 орын, докторантураға 20 орын.

Қытай үкіметі бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша 155 оқу грантын ұсынады.

Толық ақпаратты және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында танысуға болады. bolashak.gov.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде ең беделді IBO-2024 халықаралық олимпиада басталды

admin

ТҮРКІСТАН: Жетісайлық 6 жасар қыз әлем чемпионатында ел намысын қорғайды

admin

Созақ: ауылдық округтер мен кенттерге 11 дана электрлі көтергіш машиналары табысталды

admin