The Dala Times ақпараттық сайты
Саясат

Елімізде тағы бір министрлік құру ұсынылды

Жаңа министрлік құру туралы ұсынысты Мәжіліс депутаты Арман Қалықов Үкіметке жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың ойынша, елімізге геология және жер қойнауын қорғау саласын дамытуға жауапты жаңа министрлік қажет.

Қатты пайдалы қазбаларға мүдделі мемлекеттік органдар жер қойнауын нарықтың еркіне қалдырып, саланы реттеуден толығымен бас тартты. Қазіргі жағдайда мемлекеттік бақылау жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілік деректері бойынша ғана жүзеге асырылады. Пайдалы қазбалар қорларының сарқылу мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы мәселелердің барлығын реттеу үшін жеке бөлім қажет. Осыған байланысты, геологиялық саланы жүйелі дамыту үшін жеке мемлекеттік орган – Геология және жер қойнауын қорғау министрлігін құру дұрыс сияқты, — деп ұсынды Арман Қалықов Мәжілісте.

Ұқсас жаңалықтар

Астана Азияның туристік нарығындағы орнын нығайтты

admin

Алматыда сайлау заңына түзетулерге қарсы шыққан тұрғынды полиция ұстап әкетті

admin

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысындағы өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты

admin