The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Бала өлтіргендер мен педофилдер өмір бойы түрмеде отырады

 Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжат Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмаларын іске асыру үшін депутаттардың бастамасымен әзірленді.

Заң жобасын бірінші оқылымда құжат авторларының бірі, депутат Жұлдыз Сүлейменова таныстырды.

Заң жобаларына зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның ар-намысын қорлауға жол бермеу үшін бірқатар норма енгізіледі.

Жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін «өмір бойы бас бостандығынан айыру» жазасы қолданылады, — деді депутат.

Бұған дейін заңда суицидтің алдын алу мақсатымен өзін-өзі өлтіру немесе оған итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылғанын айттық.

Сонымен қатар әйелін ұрғандар 8 жылға сотталуы мүмкін екенін хабарладық.

Ұқсас жаңалықтар

Антикор Шымкенттегі зообақ қызметіне тексеру жүргізетін болды

admin

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

admin

2026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?

admin