Президент газ саласын кешенді түрде дамытуды тапсырды

0

 Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Санжар Жаркешов:

ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі мен алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды;
ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, Қашаған газын өңдеудің жаңа бағыттары, сондай-ақ газ саласына 12 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту мәселесі жөнінде баяндады;
өңірлерді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі газ құбырларын тартып, іске қосқанын айтты. Олардың құны 400 миллиард теңгеден асады;
елімізді газбен қамту жұмыстары туралы мәлімет берді:
11 өңірдегі 112 елді мекен газға қосылған. Нәтижесінде қосымша 213 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілген;
компания былтыр ішкі нарықтағы газ бағасын субсидиялауға 175 миллиард теңге бөлген;
компания табиғи газды экспорттау және тасымалдау жөніндегі міндеттемелерін толық орындап отыр.
жаңа «Анабай» газ кен орнын пайдалануға беру, сондай-ақ газдың ресурстық базасын дамыту жұмыстары жөнінде ақпарат берді. Қабылданған шаралардың арқасында еліміздің ішкі нарығына газ жеткізу көлемі 19 пайызға ұлғайған;
компания ауа райы күрт суытып, газ тасымалдау жүйесіне шектен тыс жүктеме түскен кезде ішкі нарықтың сұранысын толықтай өтеп, тұрғындарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз еткен.

Мемлекет басшысы газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.


ПІКІР ЖАЗУ