The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресей мен Өзбекстанға барады

Наурыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарлары жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды.

Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.

Ұқсас жаңалықтар

ЖОЛДАУ: «… барлық салалар қамтылды»

admin

Вице-премьер Түркістан облысындағы «қосқорған» су қоймасының жай-күйі мен аймақтың су тасқынына қарсы дайындығымен танысты

admin

СҚО-да полицейлер такси жүргізушілерін тексерді

admin