The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Қызылордада облыстық ТЖД автопаркіне 14 өрт сөндіру көлігі берілді

 Қызылорда облысының ТЖД автопаркі 14 өрт сөндіру көлігімен толықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Облыстық бюджет есебінен сатып алынған жаңа техниканы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты түрде табыс етті.

Жаңа өрт сөндіру көліктері толықтай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, 60 метр қашықтықта су беруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді және өрт қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап береді. 

Сонымен қатар арнайы көліктер — «AL» — автосаты мен «ASO» — байланыс автомобилі сатып алынды.

Жаңа құтқару техникасы ТЖ жедел ден қоюға, өртті сәтті сөндіруге және азаматтардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: көпқабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеуі аяқталуға жақын

admin

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

admin

Түркістан: газ және электр қуатымен қамту бойынша 500-ден астам жоба жүзеге асырылады

admin