Қазақстан Аустрияның зорлық-зомбылыққа қарсы тәжірибесін зерттеп жатыр

0

 Венаға отандық «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» атты қоғамдық маңызы зор жобасының жұмыс тобы барды. Қазақстандық делегацияның мақсаты — отбасы мен қоғамдағы зорлықтың тамырын жоюға қатысты аустриялық тәжірибені зерттеу және өзімізге керегін алу, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, әйелдер мәселесімен жеке айналысатын министрлігі бар еуропалық елдің бізбен бөлісері жетерлік.

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын ұсынған Алматы әкімі жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының комиссиясы мүшесі Наталья Мұхамеджанова бастаған жұмыс тобы бірден 9-ауданның мэрі, Аустрия Парламентінің спикері әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбына ат салысып жүрген Сая Ахмат ханыммен жүздесті. Қазақстандық делегацияның австриялық тараппен кездесу деңгейі айтарлықтай жоғары.

Бүгін біз Аустрия Парламентінің мүшелерімен, ЕҚЫҰ секретариатының Венадағы өкілдерімен және Аустриядағы университеттердің профессорларымен дөңгелек үстел өткіземіз, оларды еліміздің президенті халыққа жолдауында айтқан Қазақстанда жүргізілетін реформалар мен Әлемдік және дәстүрлі көшбасшы діндердің VII құрылтайында атап өткен басты ойлары жайлы хабардар етеміз. Сонымен қатар біз елдегі зорлық-зомбылық мәселесін талқылаймыз, бізге осы тақырыпты жан-жақты сараптап, отбасындағы және қоғамдағы зорлықты Австрия және басқа дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып түбегейлі жою үшін қандай шара қолдануымыз керегін түсіну маңызды, — деп атап өтті «EDU Stream» халықаралық компаниялар тобының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.

Отандық делегация еуропалық қоғамдағы зорлыққа қарсы шаралар қабылдаумен белсенді түрде айналысатын жергілікті Әйелдер қауымдастығының өкілдерімен де кездеседі. Әлемдік ауқымды қамтитын шараның жұмыс тобына еліміздегі ең белсенді қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын жүзеге асыру үшін арнайы құрылған жұмыс тобы зорлыққа ешбір шыдамау керек түсінігі мектепте қалыптасатынына, сәйкесінше ұстаз, тәлімгер, тренер – балаға құқықтық құндылықты сіңіретін басты тұлғалар екеніне сенімді. Сондай-ақ бала құқықтық құндылықты сіңіретін маңызды оқу кезеңінде тиісті ортаны ұйымдастыру жауапты іс екенін де ұғынуымыз қажет.

Қоғамдағы түрлі сипаттағы: экономикалық, әлеуметтік, тұрмыстық (соның ішінде физикалық пен психологиялық) зорлық-зомбылықты қоғамдық күш пен бастаманы мемлекеттік органдармен жұмылдыру арқылы ғана жоюға болады дейді жұмыс тобындағылар. Аталған бастама мәселені шешу жолын жіті сараптап, сұраққа жауап іздегенде барынша қоғамды тарту мақсатын көздейді, неге десеңіз бұл сұрақта еліміздің әр азаматының пікірі маңызды, өйткені проблеманың себебі отбасында жатқанын түсінуге, қабылдауға ұмтылып, әркім өзімен жұмыс істесе, күнделікті өмірдегі әрекетін өзгертсе жақсы.

Алты айға шақталған «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» бастамасы аясында – 2024 жылдың қаңтары мен маусымына дейін қоғамның барлық бөлігін қамтитын бірнеше шара өтті және тағысы жоспарда бар. Осылайша жобаның алғашқы кезеңінде 14 пен 18 жас аралығында «Балалар зорлық-зомбылыққа қарсы» республикалық сурет конкурсы өткізіліп, 500 астам адам қатысты. Бүгінде жеңімпаздар анықталып, марапатталған. Ұйымдастырушылар озып шыққан туындыларды Венада сапар барысында көрмеде паш етті, ал отандастарға балалар өнері Алматыда өтетін көрмеде ұсынылады.

Оған етене шаралар эстафетасын әлеуметтік желіде #мензорлыққақарсымын хэштегімен флешмоб жалғастырады. Танымал блогерлер, инфлюенсерлер мен қоғамдық пікірді қалыптастырушыларды ғана емес, Қазақстанның барша халқын осы бастаманы қолдауға шақыратын шара, осылайша айналамызды өзгертуді көздейді. Жобаға соңғы нүктені ағымдағы жылдың маусымына жоспарланған Астанада өтетін форум қоймақшы. Ол кезде ұйымдастырушылар бес айлық жұмыс нәтижесін және бүкіл елді мазалаған зорлық мәселесін ауыздықтаудың нақты амалын жариялайды.

«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» жобасын ҚР Президенті жанындағы Әйел ісі және отбасы-демографиялық саясатының ұлттық комиссиясы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ғылым және жоғарғы оқу министрлігі, ЮНЕСКО клубының қазақстандық федерациясы мен жергілікті атқарушы органдар қолдады.


ПІКІР ЖАЗУ