The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Елімізде жылу орталықтарын жөндеуге қанша қаржы бөлінеді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс кулуарында Қазақстандағы жылу электр станцияларын жөндеуге қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі барлық ЖЭС жөндеуге шамамен 380 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

Оның ішінде 361 млрд теңге тариф қаражаты және осы станциялардың меншік иелері есебінен бағытталады. Қалған шамамен 20 млрд теңге мемлекеттің араласуы қажет объектілер бойынша және тариф максималды жүктемелерді көтеру үшін қажетті жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік бермейтін жерде Үкімет резервінің есебінен бөлінеді, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясына 180 мыңнан астам қазақстандық қатысты

admin

Газ экспортын жандандыру салаға салынған инвестицияны қайтарады

admin

ҰҚК Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың ұсталғанын растады

admin