The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Ақтауда құлаған ұшақта 6 қазақстандық болған

 Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында болған адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған, — деп хабарлады Көлік министрлігі.

Айта кетейік, сағат 11:10 Ақтау қаласының маңында «Баку-Грозный» бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі екені белгілі болды. Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан «Эмбрайр190» AHY8243 ұшағы Ақтау маңында құспен соқтығысып, артынша рульдік басқарудың бұзылуына байланысты апатты жағдайды жариялады.

Baza телеграм-арнасы ұшақта болған адамдардың тізімін жариялады. Бұған дейін  Ақтаудағы ұшақ апатынан 12 адам аман қалғанын жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Депутат никаб пен паранджаға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды

admin

Түркістанда «Түркістанның ұстанымы — татулық пен конфессияаралық келісім» тақырыбында кездесу өтті

admin

Ұялы байланыс қызметтерінің бағасы жыл соңына дейін өзгермейді

admin