The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Астанада жаңа жыл түні отшашу қайда өтеді

 Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де отшашу болады. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, жаңа жылдық отшашу демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

Отшашу екі жерде өтеді:

— Ботаникалық бақ

— «Атырау» көпіріне іргелес аумақ.

Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.

Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, Промышленный елді мекені және «Көктал» саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: тәжірибе алмасу алаңы слетінде командалар арасында эстафеталық жарыс өтті

admin

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 112 мың грант бөлінді – министр

admin

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

admin