The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

Сайрам: орталық саябақ жаңғыртылуда

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов аудан орталығындағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Ондағы жағдайды бағамдап, кемшіліктерді ретке келтіру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Алдымен Ақсу ауылындағы Орталық саябаққа табан тіреген аудан басшысы мердігерге жұмысшы санын көбейтіп, сапаға мән беру керектігін ескертті.

– Ақсу ауылындағы «Орталық саябақ» халықтың демалыс орнына айналу тиіс. Жер көлемі үлкен, халықтың келіп кетуіне ыңғайлы жерде орналасқан. Мұндағы құрылыс жұмыстары сапалы әрі мерзімінде аяқталуы қажет, — деді аудан басшысы.

Аудан әкімі саябақ аумағын жаяу аралап, берілген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалады. Демалыс аймағының айналасындағы жеке секторлардың қасбетін ретке келтіру, саябақ ішіндегі нысанды жөндеу, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру бағытында тапсырма жүктеп, орындалуы бақылауға алынды.

Қазіргі таңда саябақта жаңа өрнектастар төселіп, сырты толық қоршалған. Ендігі әрлеп, сырлау жұмыстары қалып тұр. Бұдан бөлек, мұнда түнгі жарықшамдар жүргізіліп, көрермендерге арналған орындықтар қойылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

120-150 депутат жеткілікті – Айдос Сарым

admin

ТЖМ өндірістік тәуекелдерді азайтуға басымдық берді

admin

ТҮРКІСТАН: сенат депутаты Түлкібас ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

admin