The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалық

СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр

 Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Ольшанка, Долматова және Большая Малышка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречное ауылында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 1868 адам, 125 бірлік техникасы ТЖМ , ІІМ, ҚМ, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 28 350 дана қапшықтар және 2 295 тонна инертті материал төселді.

Сондай-ақ Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 20 100 т.м. су сорылды.

Су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізілуде. Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 3 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетілді

admin

2030 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші құрықталды

admin

Келес аудандық аурухана қызметкерінің әрекеті көптің ашуын тудырды

admin