The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Қазығұрт ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты салтанатты шара өтті. Аталған  шараға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық мекеме басшылары, соғыс және тыл ардагерлері, ардақты ақсақалдар, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен жастары қатысты.

Шара «Даңқты батыр бабалар» аллеясында орналасқан Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қатысушылар үнсіздікпен майдан даласында қаза тапқан боздақтарды еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Іс-шара аясында өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, Отанға деген сүйіспеншілік пен батырларға деген құрметті арқау еткен әдеби композициялар орындады.

Осы күні  Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын – ұлы жеңіс»  атты ерлік пен елдікке тағзым, бейбіт күннің бағасын ұғындыруға арналған мерекелік шара  ұйымдастырылды.

Мерекелік жиын барысында Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты мерекелік медальмен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Үшдеңгейлі жолайрығы кезең-кезеңімен ашылуда

admin

ТҮРКІСТАН: мектеп оқушылары автобуста 50%-дық жеңілдікпен жүреді

admin

Еліміздің курорттық аймақтарында қанша келуші демалуда

admin